5 күн бұрын
Америкада ойнайтын қазақстандық жас хоккейші үздік бомбардир атанды
АҚШ-тағы « Pittsburgh Penguins» хоккей клубының жасөспірімдер сапында ойнайтын шабуылшы Мирас Жұмабай үздік бомбардир атанды. Ол - Американың ең үздік ТОП-10 академиясының бірінде ойнап жүрген тұңғыш қазақ ойыншы.
Маусым барысында отандасымыз 57 ойын өткізіп, 23 шайба соғып, 36 нәтижелі пас берді. Жалпы есебінде 59 (23+36) ұпай жинап, командадағы үздік ойыншылардың бірі болды. Сондай-ақ, Мирас Жұмабай «Pittsburgh Penguins Elite 15U AAA» командасымен бірге MID-AM және NE PACK турнирлерінде чемпион атанды. Сәтті ойындарының нәтижесінде ол келесі маусымға ұсыныс алып, жаңа келісімшартқа қол қойды.
Айта кетейік, ол - «Barys» жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Бұған дейін «Barys -2010» командасы сапында өнер көрсетіп, бірнеше мәрте үздік бомбардир әрі мерген атанған. 1–5 мамыр аралығында Филадельфияда The World Selects Invitational (WSI) Philadelphia турнирі өтеді. Оның командасына сәттілік тілейміз.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан