10 сағат бұрын
Хоккейден Қазақстан U18 құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының IA дивизиондағы алғашқы ойынын Венгрияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында отандастарымыз жинақы ойын көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде екі гол соқты. Екінші кезеңде екі гол соғып, өз қақпасына бір жіберіп алды. Шешуші кезеңде тағы екі шайба соғып, қорытынды есепті белгіледі.
Венгрия U18 - Қазақстан U18 - 2:5 (0:2, 1:2, 0:2)
0:1 - 03:53 - Кравченко
0:2 - 11:03 - Громов (Серебряков)
1:2 - 29:33 - Озтоич (Ванелос, Серес Гомори)
2:2 - 30:34 - Сонгот (Магьяр, Шмидт)
2:3 - 33:40 - Задорожный (Коленко, Ануфриев)
2:4 - 50:46 - Коленко (Мыльников)
2:5 - 58:21 - Тілеухан (Кравченко, Ануфриев)
Қақпашылар: Гулай - Мыльников.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.
Отандастарымыз элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы Мажарстан, Польша, Украина, Польша, Словения құрамадарымен сарапқа салады.
Алдағы ойындар кестесі
19 сәуір, 22:30 – Қазақстан – Польша
21 сәуір, 19:00 – Украина – Қазақстан
23 сәуір, 15:30 – Польша – Қазақстан
24 сәуір, 15:30 – Қазақстан – Словения.
Қақпашылар: Кирилл Мыльников, Арсений Кучковский (екеуі - «Барыс»), Рахымбек Рахымжан («Jersey Hitmen U18», AAA);
Қорғаушылар: Спартак Чукреев («Atlantic Coast Academy U18»), Артём Гасников (МХК «Торпедо», Өскемен), Святослав Евплов (ХК «Спартак-МАХ», МХЛ, Ресей), Кирилл Задорожный, Дэнир Утеев («Барыс» U18, Астана), Матвей Решетько, Расул Турсынов (екеуі - «Снежные Барсы», МХЛ), Кирилл Серебряков («Team Illinois U18», AAA)
Шабуылшылар: Владислав Ануфриев (МХК «Торпедо», Өскемен), Ануар Ахметжанов, Ерлан Ахмутинов, Нар-Улан Байкен(«Atlantic Coast Academy U18»), Никита Гридасов («Boston Hockey Academy U18», AAA), Таир Бигаринов («Барыс», Астана), Илья Громов, Егор Ким («Omaha Lancers», USHL), Рауан Қайыржан («Барыс» U18, Астана), Михаил Коленко (ХК «Ладья», Тольятти, МХЛ), Егор Кравченко, Жахангер Тілеухан (ХК «Снежные Барсы», МХЛ, Астана)
Турнир 18-24 сәуір күндері Польшаның Крыница қаласында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан