Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы қай орын алды?

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы қай орын алды?

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында қай орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

Испанияның Пучсерда қаласында 12–18 сәуір аралығында әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден әлем чемпионатының IB дивизионы өтті.

Аталған додада Қазақстан Ұлттық құрамасы сәтті өнер көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды иеленді.

Қазақстандық хоккейшілер жарыс барысында бес кездесу өткізді. Алғашқы ойында Латвия құрамасына буллиттер сериясында 2:3 есебімен жол берді. Одан кейін Нидерландыға 0:3 есебімен есе жіберді. Үшінші матчта отандастарымыз Испанияны 3:2 есебімен жеңіп, маңызды ұпай еншіледі. Келесі кездесуде Оңтүстік Кореяны тартысты ойында 4:3 есебімен ұтты. Соңғы турда Ұлыбритания құрамасымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңілді.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Нидерланды иеленсе, екінші орын Ұлыбритания құрамасына бұйырды. Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Төртінші орынға Оңтүстік Корея жайғасса, Латвия бесінші, ал Испания алтыншы орыннан көрінді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан