Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Беларуське аттанды

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Беларуське аттанды

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы екінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Беларуське аттанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл оқу-жаттығу жиыны 26 сәуірге дейін созылады. Онда жергілікті командалармен жолдастық кездесу жоспарланған.

Отандастарымыз алғашқы оқу-жаттығу жиынын стана қаласында өткізді.

Қазақстан құрамасы-2026

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы - «Барыс»), Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы - «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі - «Сарыарқа», Қарағанды)

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов (барлығы - «Барыс»), Артур Гатиятов, Саян Данияр, Кирилл Ляпунов, Абай Маңғысбаев, Батырлан Муратов, Роман Старченко (барлығы - «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал»).

Ал 26 сәуірде отандастарымыз Польшаға жетіп, қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Олар әлем чемпионаты IA дивизионындағы ойындарында сол елдің Сосновец қаласында 2-9 мамыр аралығында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі

2 мамыр. Литва - Қазақстан

3 мамыр. Қазақстан - Жапония

5 мамыр. Қазақстан - Польша

7 мамыр. Украина - Қазақстан

8 мамыр. Қазақстан - Франция.

Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан