5 сағат бұрын
«Арлан» бапкерлер құрамы және ойыншылармен қош айтысты
Фото: «Арлан» хоккей клубы
Көкшетаулық «Арлан» командасы барлық бапкерлер құрамы және хоккейшілермен келісімшартты бұзды. оған қоса барлық берешегін төлеп берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Құрметті жанкүйерлер! «Арлан» хоккей клубы ресми түрде Көкшетау қаласы прокуратурасының ұсынысы бойынша 31 наурыздан бастап ойыншыларымен және жаттықтырушыларымен келісімшарт бұзылғанын хабарлайды.
2026 жылдың 13 сәуірінде клуб ойыншыларға, жаттықтырушылар штабына және клуб қызметкерлеріне жалақы, демалыс және пайдаланылмаған демалыс үшін барлық қарызды жауып тастады, - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
2025/26 жылғы маусымда «Арлан» Қазақстан чемпионатында (Pro hokei Ligasy) тұрақты кезең қорытындысы бойынша 54 матчта 73 ұпай жинап, төртінші орынды иеленді. Плей-офф кезеңінде команда ширек финалдық серияда «Құлагерге» жеңіліп, чемпиондық атағын қорғай алмады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан