2 күн бұрын
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан U18 құрамасы үшінші жеңісіне жетті
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизиондағы үшінші ойынын Украинаға қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы Мажарстан, Польша, Украина, Польша, Словения құрамаларымен сарапқа салып жатыр.
Кездесу барысында бірінші және екінші кезеңде қатарынан үш шайба жіберіп алды. Одан кейін екінші кезеңде қарсыласын екі мәрте қапы қалдырса, үшінші кезеңде тағы үш мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Украина - Қазақстан 3:5 (2:0, 1:2, 0:2)
1:0 - Ратушняк (Панасенко, Олифирчук) - 17:02
2:0 - Васяк (Ратушняк, Воротеляк) - 17:33
3:0 - Панасенко (Воротеляк) - 24:53
3:1 - Ануфриев (Чукреев) - 26:23
3:2 - Коленко (Кайыржан, Задорожный) - 37:31
3:3 - Гридасов (Задорожный, Коленко) - 47:13
3:4 - Решетько (Бигаринов, Кравченко) - 56:40
3:5 - Кравченко - 59:59
Қақпашылар: Бобров - Мыльников.
Осылайша отандастарымыз қарсыласын 5:3 есебімен тізе бүктірді.
Қазірге дейін құрамалар бес мәрте кездескен еді. Төртеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы Мажарстаннан 5:2, Польшадан 10:2 есебімен басым түсті.
Отандастарымыз енді 23 сәуірде Швейцария, 24 сәуірде Словениямен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан