2 күн бұрын
Қазақстан хоккей құрамасы жолдастық кездесуде Словениядан басым түсті
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Словениямен жолдастық кездесуде басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойын Польшаның Тыхы қаласында өтті.
Кездесу барысында словениялық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Бұл голды 35-минутта Марк Севердің пасынан кейін Май Кренкич қақпаға енгізді.
Ойынның 39-минутында әріптесі Всеволод Логвиннің пасын қазақстандық Дмитрий Бреус голға айналдырды.
Ал 58-минутта қазақстандық Роман Старченко кездесу нүктесін қойды. Оған әріптесі Аркадий Шестаков пас шығарып берді.
Осылайша отандастарымыз қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер алғашқы оқу-жаттығу жиынын 17 сәуірге дейін Астана қаласында өткізді. Одан кейін Беларусьте 26 сәуірге дейін дайындық жүргізді.
Қазақстан құрамасының тізімі
Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі — «Барыс», КХЛ), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы — «Барыс» КХЛ), Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы — «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов («Сарыарқа», Қарағанды)
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов (барлығы — «Барыс», КХЛ), Артур Гатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (барлығы — «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал», КХЛ);
Қазақстан құрамасының ойын кестесі
2 мамыр. Литва — Қазақстан
3 мамыр. Қазақстан — Жапония
5 мамыр. Қазақстан — Польша
7 мамыр. Украина — Қазақстан
8 мамыр. Қазақстан — Франция.
Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан