6 сағат бұрын
Бүгін Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатын бастайды
2026 жылғы 2 мамырда Қазақстанның хоккей құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобындағы алғашқы матчын өткізеді.
Қазақстандық хоккейшілер турнирдегі алғашқы ойынында Литва құрамасына қарсы мұз айдынына шығады. Кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Бұл турнир аясында Қазақстан құрамасы Жапониямен (3 мамыр), Польшамен (5 мамыр), Украинамен (7 мамыр) және Франциямен (8 мамыр) кездеседі. Барлық ойындар Польшаның Сосновец қаласында өтеді.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік екі команда жоғары дивизионға жолдама алады. Ал соңғы орын алған құрама бірінші дивизионның В тобына түсіп қалады.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан құрамасы элиталық дивизионда өнер көрсеткенімен, өз орнын сақтап қала алмады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан