Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Жайлауов: «Құрамдағы ойыншылар – ең үздіктер»

Жайлауов: «Құрамдағы ойыншылар – ең үздіктер»

Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері Талғат Жайлауов әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобындағы турнир алдындағы дайындық туралы пікір білдірді, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

«Барлық ойыншылар жақсы дайындықтан өтті. Турнирге жақсы көңіл-күймен шығамыз. Көп ойыншы бірге ойнап жүр, өзара түсіністік бар, соны сақтауға тырыстық. Барлығы ой мен ниетке байланысты.
Минскіде оқу-жаттығу жиынын өткіздік, “Чижовкада” жаттықтық, жергілікті командалармен ойнап, ойыншыларды тексердік. Бізге чемпионат алдында құрам мен жүйемізді тексеру маңызды болды. Ойындар тең дәрежеде өтті. Құрам барлық жиындардың қорытындысы бойынша жасақталды. Біз маусым бойы, жаттығуларда және жолдастық ойындарда бәрін бақыладық. Қазір біреу мықтырақ, біреу әлсіздеу. Әрине, көп ойыншы құрамнан шығып қалғаны өкінішті. Ал қазіргі құрамдағы ойыншылар — ең үздіктер», — деді бапкер.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 2–8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы Франция, Украина, Польша, Жапония және Литва командаларымен кездеседі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан