Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Бүгін Қазақстан хоккейшілері Жапонияға қарсы ойнайды

Бүгін     Қазақстан хоккейшілері Жапонияға қарсы ойнайды

Жексенбі, 3 мамыр күні Қазақстан хоккей құрамасы Жапониямен бірінші дивизионның «А» тобындағы әлем чемпионаты аясында кездеседі.

Матчтың тікелей трансляциясы 15:30-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы турнирді сәтті бастап, алғашқы ойында Литваны 4:1 есебімен жеңді. Барлық шайбалар үшінші кезеңде соғылды. Гол авторлары: Кирилл Савицкий, Артур Ғатиятов, Семён Симонов және Фёдор Хорошев.

Ал Жапония құрамасы алғашқы матчында Францияға 3:4 есебімен жол берді.

Еске салайық, Қазақстан бұл турнирде Польша, Украина және Франция құрамаларымен де кездеседі. Жарыс қорытындысы бойынша үздік екі команда элиталық дивизионға жолдама алады, ал соңғы орын алған құрама төменгі дивизионға түседі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан