3 сағат бұрын
Сегіз хоккейші ұлттық құрамада дебют жасады
Хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионында Қазақстан құрамасы Литваны 4:1 есебімен жеңген ойында бірден 8 ойыншы ұлттық құрама сапында дебют жасады.
Дебютанттар қатарында «Номад» клубынан Артур Гатиятов, Кирилл Никитин, Кирилл Ляпунов және Бейбарыс Оразов, сондай-ақ «Барыс» ойыншылары Всеволод Логвин, Ансар Шайхмедденов, Семён Симонов және «Торпедо» қорғаушысы Фёдор Хорошев бар.
Осы матчта Артур Ғатиятов, Семён Симонов және Фёдор Хорошев ұлттық құрамадағы алғашқы шайбаларын соғып, дебютін голмен есте қалдырды.
Алдағы матчтарда Қазақстан құрамасы Жапония, Польша, Украина және Францияға қарсы ойнайды. Турнир қорытындысы бойынша үздік екі команда элиталық дивизионға жолдама алады, ал соңғы орын иесі төменгі топқа түседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан