2 сағат бұрын
Қазақстандық жас хоккейшілер шетелдік клубтарға өтті
Қазақстандық жас хоккейшілер Мирас Жұмабай мен Мансұр Тілеуханов АҚШ-тың жасөспірімдер хоккей лигасы (USHL) драфтында таңдалды.
Шабуылшы Мирас Жұмабай драфттың екінші кезеңінде «Дубьюк Файтинг Сэйнтс» клубы тарапынан 12-раундта жалпы 176-нөмірмен таңдалды. Өткен маусымда 15 жастағы форвард «Питтсбург Пенс Элит» сапында өнер көрсетіп, тұрақты чемпионат пен плей-оффта 79 ұпай (28 гол, 51 нәтижелі пас) жинаған.
Сондай-ақ драфтта Мансұр Тілеуханов та таңдалды. Ол «Линкольн Старз» клубына өтті. Аталған команда оны бірінші кезеңнің 13-раундында жалпы 193-нөмірмен таңдады. Өткен маусымда хоккейші «Нью-Джерси Рокетс» құрамында ойнап, 75 матчта 61 ұпай (34 гол, 27 нәтижелі пас) еншілеген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан