8 сағат бұрын
Мұратов Қазақстан — Польша матчында үздік ойыншы атанды
Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының IA дивизионында Польша командасын 3:2 есебімен жеңді.
Кездесуде Қазақстан құрамасы сапынан үздік ойыншы болып шабуылшы Батырлан Мұратов танылды. «Барыс» клубының ойыншысы үшінші кезеңде командасының алғашқы шайбасын соқты.
Ойын барысында қазақстандықтар есепте артта болғанымен, шешуші кезеңде таразы басын өз пайдасына аударды. Гол авторлары — Батырлан Мұратов, Семён Симонов және бос қақпаға дәл соққы жасаған Кирилл Савицкий.
Келесі матчты Талғат Жайлауов шәкірттері 7 мамыр күні Украина құрамасына қарсы өткізеді. Кездесу 19:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан