6 сағат бұрын
Бреус Қазақстан құрамасының жеңісін бағалады
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус әлем чемпионатындағы Польшаға қарсы матчтан кейін (3:2) ойын туралы пікір білдірді,
— Ойын қиын болды, бірақ үшінші кезеңде төтеп бердік. Келесі екі матчта бірінші кезеңде сапалырақ ойнасақ, ойын біз үшін жеңілірек әрі сәттірек өтуі мүмкін, — деді Бреус.
Айта кетейік, үш турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 9 ұпай бар және команда IA дивизионы кестесінде бірінші орында тұр. Келесі матч 7 мамыр күні Украина құрамасына қарсы өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан