09.05.2026
Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында нәтижелі құрама атанды
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Польшада өткен әлем чемпионатының бірінші дивизионда ең нәтижелі құрама атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
IIHF баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық хоккейшілер турнирде 20 шайба соғып, әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті.
Еске салсақ, Талғат Жайлауовтың шәкірттері бірінші дивизионның А тобында 13 ұпай жинап, элиталық дивизионға жолдама алды. Сондай-ақ турнир кестесінде бірінші орынды иеленді.
Элиталық дивизионға тағы бір жолдама 10 ұпай жинаған Украинаға бұйырды. Одан кейінгі орындар бөлінісі төмендегіше: Франция - 8, Польша - 8, Литва - 4, Жапония - 2 ұпай.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан