3 күн бұрын
Бүгін хоккейден әлем чемпионатында екінші ойын күні өтеді
Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионаты екінші ойын күні, 16 мамырда алты ойын өткізіледі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген. А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.
Ойындар тізімі
15:20. Ұлыбритания - Аустрия
15:20. Словакия - Норвегия
19:20. Венгрия - Финляндия
19:20. Италия - Канада
23:20. Словения - Чехия
23:20. Швейцария - Латвия.
Айта кетсек, 15 мамырда өткен ойындарда Канада Швецияны 5:3, Финляндия Германияны 3:1 есебімен жеңсе, АҚШ Швейцарияға 1:3, Дания Чехияға 1:4 есебімен жол берді.
Қазірге дейін Канада - 28 Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.
Айта кетсек, биыл Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан