Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Хоккейден Қазақстан құрамасы рекордшысы Роман Старченко 40 жасқа толды

Хоккейден Қазақстан құрамасы рекордшысы Роман Старченко 40 жасқа толды

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Қазақстан ұлттық командасының капитаны, ең тәжірибелі ойыншы, рекордшысы Роман Старченко 40 жасқа толды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ересектер деңгейіндегі ел құрамасы сапында Роман 2006 жылғы хоккейден әлем чемпионаты барысында дебют жасап, онда 3 матч өткізіп, екі шайба соқты. 2024 жылғы хоккейден әлем чемпионаты кезінде ол Халықаралық хоккей федерациясының ресми турнирлеріндегі 100 ойын межесін бағындырды, ал бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 115-ке жетті.

Бұл статистикаға әлем чемпионаттарының элиталық және бірінші дивизиондарындағы, сондай-ақ Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңдеріндегі матчтар енген. Жалпы, Азия ойындарын қоса есептегенде, Роман 127 матч өткізді. Өз мансап жолында 78 ойын өткізген Александр Корешковтың рекордын Старченко 2021 жылдың өзінде-ақ жаңартқан болатын.

Сондай-ақ Роман Старченко ұлттық құрама тарихындағы ең үздік бомбардирлік рекордтың иесі – 127 матчта ол 121 (70+51) ұпай жинады. Бұған дейінгі рекорд 83 балмен Александр Корешковтың еншісінде болған.

2006 жылдан бергі мансабында Роман 18 әлем чемпионатына, Азия ойындарының екі хоккей турниріне және Олимпиада алдындағы бес іріктеу турниріне қатысты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан