3 сағат бұрын
Хоккейден әлем чемпионатында Аустрия үшінші мәрте жеңіске жетті
Фото: iihf.com
Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионатының бесінші ойын күні, 19 мамырда екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген.
А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.
Алдымен А тобында Аустрия құрамасы Латвияны 3:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша олар қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетіп, өз тобында тоғыз ұпаймен үшінші орында келеді.
Ал В тобында Норвегия құрамасы Италиядан 4:0 есебімен басым түскен еді. Нәтижесінде олар қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.
Енді Қазақстан уақытымен 23:20-да А тобында Венгрия мен Ұлыбритания, В тобында Словения мен Словакия шеберлік байқасады.
16 мамырда өткен ойындарда Канада - 28, Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.
Айта кетсек, биыл Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға жолдама алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан