2 күн бұрын
Астана клубы Нуриевпен келіссөз жүргізіп жатыр
Астананың «Барыс» хоккей клубы қазақстандық маман Ильгиз Нуриевпен келіссөздер өткізбек.
Нуриев қазір Астанаға келіп, клуб басшылығымен келіссөздер жүргізуде. Ол «Барыс Жастары» командасының бас бапкері болуы мүмкін. Ал қазіргі бапкер Антон Васиннің болашағы әзірге белгісіз.
Өткен маусымда Нуриев Ресейдің МХЛ лигасындағы «Тайфун» командасын жаттықтырып, ұжымды Батыс конференциясының «күміс» дивизионында жеңімпаз атандырған.
Ойыншы ретінде ол Қазақстан клубтары «Казахмыс», «Сарыарқа», «Арыстан» және «Кулагер» сапында өнер көрсетіп, ұлттық хоккейде 12 маусым өткізген. Сондай-ақ 2017 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан