2 сағат бұрын
Әлем чемпионаты: Канада құрамасы овертаймда Норвегияны жеңді
Фото: iihf.com
Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионатының жетінші ойын күні, 21 мамырда екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген.
А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.
А тобында Финляндия құрамасы Латвияны 7:1 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде олар 12 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Көш басында келе жатқан Швейцарияның да 4 ойыннан кейін 12 ұпайы бар.
Ал В тобында Канада құрамасы овертаймнан кейін Норвегияны 6:5 есебімен басым түсті. Сол арқылы Канада 11 ұпаймен көш басына шықты.
Енді бүгін, 21 мамырда 23:20-да Швейцария мен Ұлыбритания, В тобында Дания мен Словакия шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан