4 күн бұрын
Райли Уолштың «Барыстағы» жалақысы белгілі болды
Америкалық қорғаушы Райли Уолш келесі маусымда да Астананың «Барыс» клубында өнер көрсетеді.
Клуб хоккейшісімен 2027 жылдың 31 мамырына дейін жаңа келісімшартқа қол қойды.
Жаңа келісім бойынша Уолштың жалақысы 297,9 миллион теңге болады.
Өткен маусымда ол «Барыстың» ең нәтижелі ойыншыларының бірі атанып, 68 матчта 46 ұпай жинады. Қорғаушы ҚХЛ-дегі ең нәтижелі қорғаушылардың қатарына кіріп, команда ішінде маңызды рөл атқарды.
Айта кетейік, «Барыс» өткен маусымды Шығыс конференциясында 10-орынмен аяқтап, плей-оффқа өте алмады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан