17 сағат бұрын
Италия құрамасы хоккейден ӘЧ-ның элитасынан шығып қалды
Швейцарияда өтіп жатқан 2026 жылғы хоккейден әлем чемпионатында Словения құрамасы Италияны 5:1 есебімен жеңді.
Фрибур қаласында өткен кездесуде есепті алғаш болып Италия құрамасының қорғаушысы Фил Пьетрониро ашқан. Алайда кейін словениялық хоккейшілер қатарынан бес шайба соғып, сенімді жеңіске жетті.
Жеңімпаздар сапында Матич Терек, Ян Дрозг (дубль), Марцель Махковец және Жан Ежовсек мергендігімен көзге түсті.
Топтық кезең қорытындысы бойынша Италия құрамасы жеті матчта бір ғана ұпай жинап, В тобында соңғы орынға тұрақтады. Осылайша, команда әлем чемпионатының элиталық дивизионынан шығып қалды.
Словения құрамасы алты ұпаймен турнирді алтыншы орынмен аяқтады.
Айта кетейік, элиталық дивизионнан Ұлыбритания құрамасы да шығып қалды. Ал 2027 жылғы әлем чемпионатында олардың орнын Қазақстан мен Украина құрамалары басады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан