Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

«Барыс» Тайс Томпсонға қатысты мәселені шешті

«Барыс» Тайс Томпсонға қатысты мәселені шешті

Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Барыс» америкалық шабуылшы Тайс Томпсонмен келісімшартты ұзартқанын хабарлайды. Біржақты келісімшарт бір маусымға, яғни 2027 жылдың 31 мамырына дейін жасалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Өткен маусымда Томпсон командадағы үздік бес сұрмергендердің қатарына кіріп, астаналық клубтың үшінші үздік мергені атанды. Оның еншісінде 15 шайба және 10 нәтижелі пас бар. Мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 19 минут 15 секунд. Тайстың 3 шайбасы «Барысқа» жеңіс әкелді. Бұл көрсеткіш командадағы екінші нәтиже болды.

Леонид Метальников, «Барыс» клубының бас менеджері:

- Тайс - нағыз кәсіби ойыншы және команданың командалық рухын көтеретін хоккейші. Ол әлі жас, әрқашан күресуге, белсенді ойын көрсетуге дайын және біз оның алдағы уақытта да өсіп, дами түсетініне сенеміз. Оның бізбен бірге қалатынына қуаныштымыз және алдағы маусымда командаға пайдасын тигізеді деп күтеміз.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан