1 сағат бұрын
Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстанның орнын кімдер алмастырады?
Швейцарияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының ширек финалына шыққан барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
А тобында плей-офф кезеңіне Швейцария құрамасы, Финляндия құрамасы, Латвия құрамасы және АҚШ құрамасы өтті. АҚШ құрамасы төртінші орынға тұрақтаса, Латвия үшінші орын алды. Швейцария мен Финляндия арасындағы соңғы ойын топтағы бірінші орынды анықтайды. Бұл топта бірде-бір жеңіске жетпеген Ұлыбритания Бірінші дивизионға төмендейді.
В тобында ширек финалға Канада құрамасы, Норвегия құрамасы, Чехия құрамасы және Швеция құрамасы жолдама алды. Швеция төртінші орынға жайғасса, Канада топта бірінші орынды алдын ала қамтамасыз етті. Қалған орындар Канада мен Чехия арасындағы соңғы матчтан кейін анықталады. Ал соңғы орынды 7 ойында 1 ғана ұпай жинаған Италия алды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Украина құрамасы мамыр айының басында Польшада өткен Бірінші дивизионның әлем чемпионатында жоғарыға көтерілу жолдамасын еншілеген болатын.
Чемпионаттың ширек финал ойындары 28 мамыр күні өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов