6 күн бұрын
ҚПЛ-дің үздік қақпашысы жаңа командаға ауыспақ
Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы атанған Андрей Янков жаңа командаға ауысуға жақын.
Петропавл қаласының «Құлагер» клубы Өскеменнің «Торпедо» командасының қақпашысын қатарға қосуды жоспарлап отыр.
Ақпаратқа сәйкес, клуб жақын уақытта тәжірибелі қақпашымен келісімшартқа қол қоюы мүмкін.
37 жастағы Андрей Янков биылғы маусымда ерекше нәтиже көрсетіп, 21 матчта 93,7% соққы қайтару көрсеткішімен және 1,5 сенімділік коэффициентімен лиганың ең үздік қақпашысы атанған. Сонымен қатар ол 5 матчта қақпасын «құрғақ» сақтаған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан