4 сағат бұрын
Әлихан Әсетов «Барыс» сапында жеке рекордын қайталады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Елордалық «Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Әлихан Әсетов ҚХЛ-дегі бір маусымдағы нәтижелілігі бойынша жеке рекордын қайталап, соғылған шайбалар көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Форвард 50 матчта орта есеппен 11 жарым минут мұз айдынында өткізіп, 13 (6+7) ұпай жинады. Сондай-ақ оның еншісінде 36 күштік әдіс пен 47 бұғатталған соққы бар.
Еске салсақ, биыл «Барыс» құрамында қақпашы ауысуы мүмкін.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан