14 сағат бұрын
«Барыстың» 23 ойыншысы клубтан ресми түрде кетті
ҚХЛ-дың ресми сайты 1 маусымнан бастап шектеусіз еркін агент мәртебесін алған хоккейшілердің тізімін жариялады. Тізімге астаналық «Барыс» клубының 23 ойыншысы енді.
31 мамырда қазақстандық клубпен келісімшарт мерзімі аяқталған хоккейшілер қатарында Әлішер Аманғалиев, Майкл Веккьоне, Эмиль Галимов, Роман Двуреченский, Данил Дронов, Джохар Дударкиев, Нұрислам Зияш, Алдияр Қабдуәли, Кәрім Қажыбеков, Вячеслав Колесников, Дәулет Қуат, Иэн Маккошен, Никита Мерзликин, Мэйсон Морелли, Александр Перкин, Асанәлі Русланұлы, Кирилл Савицкий, Никита Ситников, Роман Старченко, Макс Уиллман, Әмірхан Шегебаев, Артем Шестаков және Мстислав Шипилин бар.
Осылайша аталған хоккейшілер шектеусіз еркін агент мәртебесін алып, жаңа клубтармен келіссөз жүргізуге мүмкіндік алды.
Еске салсақ, өткен маусымда «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 10-орын алып, кезекті рет плей-офф кезеңіне шыға алмады. Клуб енді жаңа маусым қарсаңында құрамды жасақтау жұмыстарын жалғастыруда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан