Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«Барыс» сапына америкалық қорғаушы қосылды

«Барыс» сапына америкалық қорғаушы қосылды

Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Барыс» америкалық қорғаушы Логан Дэймен келісімшартқа қол қойды. Біржақты келісім бір маусымға есептелген және 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды, деп хабарлайды Sport12.kz

Соңғы екі жыл бойы қорғаушы «Трактор» сапында ойнады. Өткен тұрақты чемпионатта Челябинск клубы құрамында Логан 16 (3 гол + 13 нәтижелі пас) ұпай жинап, пайдалы әрекет көрсеткіші бойынша +17 нәтижесіне қол жеткізді. Оның мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 20 минутты құрады. Сонымен қатар қорғаушы қарсыластың қақпаға бағытталған 187 соққысына тосқауыл қойып, бұл көрсеткіш бойынша бүкіл лигада екінші орынға ие болды.

ҚХЛ-ға келгенге дейін Дэй АХЛ-дегі «Херши Беарс» клубының намысын қорғап, командамен бірге екі мәрте Колдер кубогының жеңімпазы атанды.

Логан Дэй

Туған күні: 1994 жыл 19 қыркүйек

Амплуасы: қорғаушы

Бойы: 185 см

Салмағы: 93 кг

Ойын таяғын ұстау бағыты: оң жақ

Леонид Метальников, «Барыстың» бас менеджері:

– Логан «Трактор» сапында тамаша маусым өткізді және командадағы пайдалы әрекет көрсеткіші бойынша үздік ойыншы болды. Ол ойынды жақсы түсіне алатын, алғашқы пасты дәл бере білетін сенімді қорғаушы. Сонымен қатар кем құраммен қорғанған кезде де өте пайдалы ойнайды және көптеген соққыларды бұғаттайды. Дэй біздің қорғаныс шебімізге мінез бен тұрақтылық қосып, ал командаға шабуылға шығу кезінде тиімділікті арттыруға көмектеседі деп сенеміз.

Еске салсақ, бұдан бұрын Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының 2027 жылғы элиталық дивизиондағы қарсыластары анықталды.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан