6 күн бұрын
Жас хоккейшілер АҚШ-та кәсіби дайындыққа қатысуда
Қазақстандық жас хоккейшілер Спартак Чукреев пен Мирас Жұмабай АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
Олар «Dubuque Fighting Saints» клубының жаттығу лагерінде дайындық жүргізіп жатыр.
16 жастағы қорғаушы Спартак Чукреев өткен маусымда AAA лигасында 53 матч өткізіп, 65 (21+44) ұпай жинады. Сонымен қатар THF лигасында 11 ойында 12 (6+6) ұпайға қол жеткізді. Плей-оффта 5 матчта 3 (1+2) ұпай еншіледі.
Ал 16 жастағы шабуылшы Мирас Жұмабай US Nationals лигасында «Pittsburgh Penguins Elite» сапында 3 матч өткізіп, 1 шайба соқты. Сондай-ақ «Nordstar» клубында WSI лигасының 7 кездесуінде 10 (6+4) ұпай жинады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан