6 күн бұрын
Қазақстандық форвард NAHL лигасына жолдама алды
Қазақстандық жас хоккейші Кәрім Қажыбеков АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады.
Форвард америкалық «Kenai River Brown Bears» клубының драфтында таңдалып, Солтүстік Америкалық хоккей лигасында (NAHL) өнер көрсететін командаға қосылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін «Барыс» 20 жастағы шабуылшының астаналық клуб жүйесінен кеткенін ресми түрде мәлімдеген болатын.
Кәрім Қажыбеков « Барыс Жастары» құрамында Жастар хоккей лигасында екі маусым ойнап, 73 матчта 35 (16+19) ұпай жинаған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан