Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«Снежные Барсы» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

«Снежные Барсы» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Снежные Барсы» командасының бас бапкері қызметіне Ильгиз Нуриев тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойыншы ретінде Нуриев Сәтбаевтың «Қазақмыс», Қарағандының «Сарыарқа», Теміртаудың «Арыстан» және Петропавлдың «Құлагер» клубтарының намысын қорғады. Бұрынғы шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 2017 жыл Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

2023 жылы Ильгиз Равилевич бас бапкер ретінде «Құлагердің» жастар командасын Jastar Ligasy чемпионатының күміс жүлдесіне жеткізді. Соңғы екі жылда маман Приморье өлкесінің «Тайфун» клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда МХЛ-дың Батыс конференциясындағы «Күміс» дивизионында жеңіске жетіп, «Алтын» дивизионына жолдама алды.

Нуриевпен келісімшарт екі маусымға, 2028 жылдың 31 мамырына дейін жасалды.

«Снежные Барсы» командасының жаңартылған бапкерлер штабы мен маусымалды дайындық жоспары кейінірек жарияланады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Савицкиймен келісімшартты ұзартты.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан