Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Барысқа» қайта оралды 

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Барысқа» қайта оралды 

Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаковпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Біржақты келісім екі маусымға есептелген және 2028 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.

Шестаков бұған дейін 2019 жылдан 2024 жылға дейін «Барыс» сапында ойнаған. Соңғы екі маусымды ол Владивостоктың «Адмирал» клубында өткізді. Өткен тұрақты чемпионатта орталық шабуылшы 64 матчқа қатысып, 13 (7+6) ұпай жинады. Сонымен қатар Аркадийдің шайбаға таласудағы көрсеткіші - 59,5 пайыз. Маусым барысында ол қарсыластардың 34 соққысына тосқауыл қойды. Оның мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 15 жарым минутты құрады.

- Аркадий - өте еңбекқор орталық шабуылшы. Ол тәртіпті хоккейші, күрестен қашпайды және әрдайым үлкен көлемдегі жұмысты атқаруға дайын. Шестаков ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі саналады. Біз оның шайба лақтыру нүктелеріндегі әлеуетін жақсы білеміз, бұл көрсеткіш бойынша оның нәтижелері әрдайым жоғары деңгейде. Осы трансфер арқылы командамыздың орталық шебін күшейтеміз, - деді «Барыс» клубының бас менеджері Леонид Метальников.

Еске салсақ, бұдан бұрын Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы 2026/2027 жылғы маусымда алғашқы ойынын қашан өткізетіні белгілі болды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан