Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

«Барыс» бапкерлер штабына жаңа маман шақырмақ

«Барыс» бапкерлер штабына жаңа маман шақырмақ

Астаналық «Барыс» жаңа Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) маусымы қарсаңында бапкерлер штабын күшейтуді жоспарлап отыр.

Мәліметке сәйкес, клуб жалпы дене дайындығы жөніндегі бапкер қызметіне Игорь Елисеевті шақырмақ. Қазір ол Жоғары хоккей лигасындағы (ВХЛ) «Тамбов» клубында еңбек етіп жүр.

Өскемен тумасы Елисеев биыл Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы құрамында әлем чемпионатында алғаш рет жұмыс істеген.

Еске салайық,ҚХЛ-дың жаңа маусымын Михаил Кравец жаттықтыратын «Барыс» өз алаңында бастайды. Астаналық клуб алғашқы матчтарын 7 қыркүйекте «Сибирьге», 9 қыркүйекте «Салават Юлаевқа» және 12 қыркүйекте «Амурға» қарсы өткізеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан