7 күн бұрын
Қазақстандық хоккейші Канаданың WHL клубына таңдалды
Қазақстандық шабуылшы Егор Кравченко Канаданың жасөспірімдер хоккей лигаларының (CHL) шетелдік ойыншылар драфтында таңдау тапты.
17 жастағы хоккейшіні Батыс хоккей лигасында (WHL) өнер көрсететін «Камлупс Блэйзерс» клубы жалпы есепте 100-нөмірмен таңдады.
Өткен маусымда Кравченко МХЛ-дегі «Барыс жастары» құрамында 47 матч өткізіп, 4 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Jastar Hokei Ligasy чемпионаты мен плей-офф кезеңінде «Барыс» жастар командасы сапында 11 кездесуде 15 (4+11) ұпай жинады.
Өткен маусымда «Камлупс Блэйзерс» WHL-дің Батыс конференциясында бесінші орын алып, плей-оффтың алғашқы кезеңінде жарыс жолынан шыққан болатын.
Айта кетейік, CHL Import Draft – Канаданың OHL, WHL және QMJHL лигаларына шетелдік жас хоккейшілерді іріктейтін жыл сайынғы драфт.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан