4 күн бұрын
«Барыс» америкалық қорғаушымен күшеюге жақын
Астаналық «Барыс» америкалық қорғаушы Чейз Прискимен келісімшарт жасауға жақын.
Бұл туралы танымал журналист Артур Хайруллин мәлімдеді. Оның айтуынша, 30 жастағы хоккейші жуырда елордалық клубтың ойыншысы атанады.
Чейз Приски кәсіби мансабының басым бөлігін АҚШ-та өткізіп, АХЛ-да «Шарлотт Чекерс», «Сиракьюс Кранч», «Херши Бэрс» және өзге де командалар сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол ҰХЛ-да «Флорида Пантерз» құрамында төрт матчқа қатысқан.
Өткен маусымда Приски ҚХЛ-дағы «Сибирь» клубы сапында тұрақты чемпионатта 50 матч өткізіп, 24 (4 гол, 20 нәтижелі пас) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде бес ойынға қатысқанымен, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан