2 күн бұрын
Қазақстандық хоккейші мансабын Канадада жалғастырады
Қазақстандық қорғаушы Мирас Серікболатов Канаданың тәуелсіз жасөспірімдер лигасында өнер көрсететін «Васага Ривер Дрэгонс» клубына ауысады.
19 жастағы теміртаулық хоккейші өткен маусымды «Құлагер» жастар командасында бастап, Қазақстан жастар лигасының тұрақты чемпионатында 18 матчта 10 (5+5) ұпай жинады.
Кейін «Сұңқар» сапында 30 ойынға қатысып, 25 (9+16) ұпай еншіледі. Ал плей-оффтың үш кездесуінде бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық шабуылшы Кирилл Юдиннің де Канаданың тәуелсіз жасөспірімдер лигасына ауысқаны белгілі болған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан