2 сағат бұрын
«Барыс» Иэн Маккошенге қатысты шешім қабылдады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» америкалық қорғаушы Иэн Маккошенмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Біржақты келісім 2027 жылдың 31 мамырына дейін, бір маусымға есептелген.
Өткен тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Маккошен 106 күштік әдіс жасап, бұл көрсеткіш бойынша командада айқын көш бастады. Жалпы, ол 66 матчқа қатысып, 3 шайба соғып, 5 нәтижелі пас берді. Мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 18 жарым минутты құрады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» америкалық шабуылшы Мэйсон Мореллимен келісімшартты ұзартты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан