5 күн бұрын
Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы жаңа қызметке тағайындалды
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Иван Полошковты қақпашылар бапкері қызметіне ресми түрде тағайындады.
Иван Полошков кәсіби мансабында Қазақстан мен Ресей чемпионаттарында өнер көрсетті. Ол мансабының басым бөлігін Өскеменнің «Торпедо» клубында өткізіп, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының намысын халықаралық жарыстарда қорғады.
Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін Полошков «Торпедо» клубында қақпашылар бапкері болып жұмыс істеді. Енді ол «Сарыарқаның» бапкерлер штабына қосылып, команданың қақпашыларын дайындайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан