1 күн бұрын
«Барыстың» маусым алдындағы кестесі белгілі болды
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты бірнеше клубтың, соның ішінде астаналық «Барыстың» маусым алдындағы дайындық жоспарын жариялады.
Михаил Кравец жаттықтыратын команда жаңа маусым алдында екі оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Алғашқы жиыннан кейін «Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогына және Николай Пучков турниріне қатысады. Екінші оқу-жаттығу жиынынан соң ҚХЛ тұрақты чемпионатын бастайды.
«Барыстың» дайындық кестесі:
- 1–16 тамыз – оқу-жаттығу жиыны;
- 17–20 тамыз – Башқұртстан Республикасы кубогы;
- 27–30 тамыз – Николай Пучков турнирі;
- 31 тамыз – 6 қыркүйек – оқу-жаттығу жиыны.
Айта кетейік, ҚХЛ жаңа маусымының алғашқы матчтарын «Барыс» өз алаңында өткізеді. Астаналық клуб 7 қыркүйекте «Сібірді», 9 қыркүйекте «Салават Юлаевты», ал 12 қыркүйекте «Амурды» қабылдайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан