23 сағат бұрын
Қазақстандық шабуылшы «Полония Бытоммен» келісімін ұзартты
Қазақстандық шабуылшы Андрей Буяльский Польшаның «Полония Бытом» клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды.
Алайда 25 жастағы хоккейшінің жаңа келісімінің мерзімі мен қаржылық шарттары жарияланған жоқ.
Өткен маусымда Буяльский Польша хоккей лигасында 39 матч өткізіп, 49 ұпай (20 гол + 29 нәтижелі пас) жинады. Осы көрсеткіштің арқасында ол лиганың үздік бомбардирлері тізімінде екінші орынға ие болды.
Ал плей-офф кезеңінде қазақстандық шабуылшы төрт кездесуде жеті нәтижелі пас беріп, командасының шабуылдағы көшбасшыларының бірі болды.
Айта кетейік, Андрей Буяльский 2021 жылғы Ұлттық хоккей лигасы (НХЛ) драфтында «Колорадо Эвеланш» клубы тарапынан жалпы 92-нөмірмен таңдалған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан