Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Қазақстанның аңыз хоккейшісі спорт мансабын аяқтады

Қазақстанның аңыз хоккейшісі спорт мансабын аяқтады

Қазақстан хоккейінің аңызы Роман Старченко ойыншылық мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

– Бүгін мен үшін ерекше күн. Кәсіби ойыншы ретіндегі мансабымды ресми түрде аяқтайтынымды жариялайтын уақыт келді. Бұл өмірімдегі ұмытылмас кезең болды. Маған көптеген жарқын сәттер мен жағымды эмоциялар сыйлады.

Ең алдымен, ата-анама және отбасыма алғыс айтқым келеді. Уақыттарыңызды арнап, жеңілістерімде бірге уайымдап, жеңістеріме бірге қуандыңыздар. Сіздердің қолдауларыңызсыз бұл жолдан өту мүмкін болмас еді.

Сондай-ақ, бірге мұз айдынына шыққан барлық әріптестеріме, бірге жұмыс істеген бапкерлерге, клубтардың басшылығы мен қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Ешбір жеңіс жеке адамның жетістігі емес, әрбір табыстың артында көптеген адамдардың еңбегі тұрады.

Ерекше алғыс жанкүйерлерге! Сіздер ең жарқын сәттерде де, ең қиын кезеңдерде де жанымнан табылдыңыздар. Сіздер үшін ойнау мен үшін үлкен мәртебе болды. Сіздер мәңгі жүрегімде қаласыздар!

Хоккей – өмірімнің ажырамас бөлігі болып қала береді. Алда мені жаңа белестер, жаңа мақсаттар мен жаңа сын-қатерлер күтіп тұрғанына сенімдімін, – деп жазды Роман Старченко.

Өткен маусымда 40 жастағы шабуылшы «Барыс» сапында 9 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Ал «Номад» құрамында 33 ойынға қатысып, 31 (12 гол + 19 нәтижелі пас) ұпай жинады.

Роман Старченко кәсіби мансабын 2003–2004 жылғы маусымда «Барыс» клубында бастады. 2004–2008 жылдары «Қазцинк-Торпедо» сапында өнер көрсетті. Кейінгі мансабының басым бөлігін елордалық «Барыста» өткізді. Тек бір маусымда ғана Мәскеудің «Спартак» клубында ойнады.

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ол 871 матчқа қатысып, 424 (215 гол + 209 нәтижелі пас) ұпай еншіледі.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Роман Старченко әлем чемпионатына 18 рет қатысты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан