3 күн бұрын
«Барыс» алдағы маусымға дайындығын бастады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасының алдағы маусымға дайындығын бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы оқу-жаттығу жиынына екіжақты келісімшарты бар ойыншылар қосылды. Олардың қатарында қақпашы Владислав Нурек, қорғаушылар Бейбарыс Оразов, Артём Королёв пен Кирилл Никитин, шабуылшылар Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Семён Симонов, Абзал Әлібек және Асанали Саркенов бар. Хоккейшілер жаттығу процесін бастап, мұз айдынындағы алғашқы жаттығуын өткізді.
1 тамыздан бастап оларғдың қатарына біржақты келісімшартқа қол қойған ойыншылар қосылады. Астаналық клуб 17-20 тамыз аралығында Ресейдің Уфа қаласында өтетін «Башқұртстан Республикасы кубогы» турниріне қатысады.
Одан кейін Михаил Кравецтің шәкірттері сол елдің Санкт-Петербург қаласында жалауын көтеретін Николай Пучков атындағы турнирде бақ сынайды.
Команданың 2026/27 жылғы ҚХЛ маусымына дайындықтың қорытынды кезеңі 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында «Барыс Аренада» өтеді.
Қазақстандық команда жаңа маусымды елордадағы ойындар сериясымен бастайды. Олар ресейлік клубтармен қатарынан үш матч өткізеді.
Алдымен елордалық клуб 7 қыркүйекте «Сибирь» (Новосібір) командасымен кездессе, одан кейін «Салават Юлаев» (Уфа) және «Амур» (Хабаровск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан