1 күн бұрын
«Барыс» жаңа маусымға арналған жаттықтырушылар штабын бекітті
Астананың «Барыс» хоккей клубы 2026/2027 жылғы маусымға арналған жаттықтырушылар құрамын ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Sport12.kz
Команданың бас бапкері қызметінде Михаил Кравец қалды. Оның көмекшісі болып Талғат Жайлауов тағайындалды.
Шабуылшылармен Александр Савченков жұмыс істесе, қорғаушыларға Евгений Королев жетекшілік етеді. Қақпашыларды Константин Барулин жаттықтырады.
Жалпы дене дайындығына Игорь Елисеев пен Денис Михайличенко жауап береді. Ал видеоталдаушылар қызметін Сергей Тамбулов пен Владислав Белан атқарады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов