Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

13 сағат бұрын

Қазақстандық хоккей клубтары Ресейдегі турнирге қатысады

Қазақстандық хоккей клубтары Ресейдегі турнирге қатысады

Фото: «Кұлагер» хоккей клубы

Петропавлдың «Құлагері» мен «Ақтөбе» Ресейдің Орынбор облысы губернаторының кубогына қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Маусым алдындағы турнир Орскіде 7-9 тамыз аралығында өтеді. Қазақстандық командалардан басқа оған Тула АКМ мен жергілікті «Южный Урал» қатысады.

Матч кестесін ұйымдастырушылар кейінірек жариялайды.

Қазақстан чемпионатының өткен маусымында «Құлагер» плей-оффтың ширек финалына дейін жетіп, серияда 0:3 есебімен өскемендік «Торпедоға» есе жіберді.

«Ақтөбе» тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша соңғы орынға ие болып, плей-оффқа өте алмады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан