7 күн бұрын
«Барыс» америкалық шабуылшымен келісімшартқа қол қойды
Астаналық «Барыс» америкалық шабуылшы Джастин Бэйлимен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Біржақты келісім бір маусымға, яғни 2027 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.
Джастин Бэйли осы уақытқа дейінгі бүкіл мансабын Солтүстік Америкада өткізген. Өткен маусымда шабуылшы «Анахаймның» фарм-клубы – «Сан-Диего Галлз» сапында өнер көрсетті. Ол тұрақты чемпионатта 25 шайба соғып, команданың үздік мергені атанды. Сондай-ақ 71 матчта 17 нәтижелі пас берді. Жалпы, АХЛ-дегі мансабында 500-ден астам ойын өткізіп, 182 шайба соғып, серіктестеріне 140 нәтижелі пас шығарған.
Еске салайық, «Барыстың» жаңа маусымға дайындығы екі кезеңге бөлінеді. Алғашқы оқу-жаттығу жиынынан кейін астаналық клуб 17–20 тамыз аралығында өтетін Башқұртстан Республикасы кубогына қатысады. Одан кейін 27–30 тамыз күндері Николай Пучков атындағы турнирде бақ сынайды.
Екінші оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң Михаил Кравецтің шәкірттері Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы ойындарын бастайды. «Барыс» маусымның алғашқы матчтарын өз алаңында өткізіп, 7 қыркүйекте Новосібірдің «Сибирімен», 9 қыркүйекте Уфаның «Салават Юлаевымен» және 12 қыркүйекте Хабаровскінің «Амурымен» кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов