6 күн бұрын
Елордалық «Номад» құрамын 29 хоккейшімен толықтырды
Елордалық «Номад» хоккей клубы жаңа маусым қарсаңында ойыншылар құрамын жасақтауды жалғастырып, бірқатар хоккейшімен келісімшартқа отырғанын жариялады.
Клуб 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды бір маусымдық біржақты келісімшартқа 22 хоккейшімен қол қойды. Олардың қатарында Әділ Бейсембаев, Олег Бойко, Әмір Ғафуров, Артур Гросс, Мәди Диханбек, Жохар Дударкиев, Хақназар Кеңесбай, Темірлан Китаров, Диар Манаш, Абай Маңғысбаев, Никита Мерзликин, Александр Мигунов, Глеб Решетько, Асанәлі Русланұлы, Тимофей Симонов, Никита Ситников, Абылайхан Сүлейменов, Даниил Цыбин, Артем Шестаков, Николай Шульга, Константин Двуреченский және Владимир Корчагин бар.
Бұдан бөлек, 2026 жылдың 1 шілдесі мен 31 тамызы аралығына арналған сынақ келісімшарттарына Алишер Аманғалиев, Роман Двуреченский, Нұрислам Зияш, Арғын Мұқашев, Александр Перкин, Даниал Шақшақбаев және Мстислав Шипилин (31 шілдеге дейін) қол қойды.
Айта кетейік, «Номад» – Қазақстан чемпионатының қазіргі жеңімпазы. Өткен маусымның плей-офф финалында елордалық ұжым «Сарыарқаны» жеңіп, чемпиондық атақты жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан