12 сағат бұрын
«Барыс» клубы тағы да АҚШ хоккейшісін алды
Астананың «Барыс» хоккей клубы америкалық қақпашы Хантер Шепардпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Біржақты келісім бір маусымға, яғни 2027 жылдың 31 мамырына дейін жасалды.
Қақпашы кәсіби мансабының басым бөлігін «Вашингтон» клубының жүйесінде өткізді. «Херши Беарс» сапында ол екі мәрте Колдер кубогын жеңіп алды. Ал 2023 жылы АХЛ плей-оффының ең үздік ойыншысы атанды. Өткен маусымда Хантер Ұлттық хоккей лигасында «Оттава» сапында бір матч өткізіп, кейін «Беллвилл Сенаторз» және «Лаваль Рокет» клубтарында өнер көрсетті.
«Барыс» ҚХЛ-дың жаңа тұрақты маусымын өз айдынында бастайды. Елордалық клуб 7 қыркүйекте Новосібірдің «Сибирь» командасын, 9 қыркүйекте Уфаның «Салават Юлаевын», ал 12 қыркүйекте Хабаровскінің «Амур» клубын қабылдайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов