4 күн бұрын
Қазақстандық хоккейші ҚХЛ клубымен жаңа келісім жасасты
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус Нижний Новгородтың «Торпедо» клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 жастағы хоккейшімен жасалған біржақты келісім 2028 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.
Өткен маусымда Бреус жалға алу келісімі негізінде елордалық «Барыс» сапында өнер көрсетті. Ол Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) 62 матчқа қатысып, әр ойында орта есеппен 14 минуттан астам уақыт мұз айдынында болды. Қорғаныстағы сенімді ойынымен қатар, қорғаушы 10 ұпай(гол+пас) жинады.
Сондай-ақ Дмитрий Бреус Қазақстан ұлттыққұрамасы сапында бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында бес матч өткізіп, екі шайба соқты.
«Өткен маусымда Дмитрийді уақытша "Барысқа" жіберу туралы шешім өз нәтижесін берді. Ол КХЛ-де толыққанды маусым өткізіп, кәсіби және психологиялық тұрғыдан өсе түсті. Енді оның "Торпедо" сапында ең үздік маусымын өткізуге және тағы бір даму сатысына көтерілуге барынша ынталы екеніне сенеміз», – деді клубтың бас директоры Евгений Забуга.
Жаңа келісім Бреустың 2028 жылдың 31 мамырына дейін «Торпедо» намысын қорғайтынын білдіреді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан