2 күн бұрын
Никита Бояркин «Барыстан» кетуге жақын
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Никита Бояркин маусымаралық кезеңде астаналық «Барыстан» кетуі мүмкін.
Хоккей журналисі Артур Хайруллиннің мәліметінше, клуб басшылығы негізгі қақпашы ретінде Хантер Шепардқа сенім артпақ. Осыған байланысты команда Бояркинді өз құрамында алып қалуды жоспарлап отырған жоқ. Қақпашының қолданыстағы келісімшарты клубқа 50 миллион рубльге түседі.
Өткен ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында 27 жастағы қазақстандық қақпашы 15 матчқа қатысып, соққылардың 90 пайызын қайтарды. Оның сенімділік коэффициенті 2,7 болды.
Еске салайық, 2025/2026 жылғы ҚХЛ маусымының қорытындысында «Барыс» 68 кездесуде 54 ұпай жинап, Шығыс конференциясында оныншы орын алды. Нәтижесінде елордалық клуб Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне өте алмады.
Біздің серіктес: Sport12kz