6 күн бұрын
«Барыс» үш хоккейшісімен қоштасады
Астананың «Барыс» хоккей клубы жақын уақытта үш жас ойыншысын «Алматы» клубына жалға бермек.
Мәліметке сәйкес, қорғаушы Владимир Корчагин, шабуылшы Александр Перкин және Роман Двуреченский жаңа маусымда тұрақты ойын тәжірибесін жинақтау үшін Алматы командасының сапында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, «Алматы» қазіргі уақытта қазақстандық төлқұжаты бар хоккейшілердің тапшылығына байланысты құрамын күшейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ «Барыс» соңғы жылдары жастарды дамытудағы ұстанымын өзгертіп, талантты ойыншыларды ойын тәжірибесін арттыру мақсатында басқа клубтарға жалға жіберуге басымдық бере бастағаны айтылуда.
Еске салайық, «Барыс» жаңа маусым алдында екі оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Команда алдымен Башқұртстан Республикасы кубогына, кейін Николай Пучков турниріне қатысады. Ал ҚХЛ-дың жаңа маусымын 7 қыркүйекте өз алаңында «Сібірге» қарсы матчпен бастайды.
Біздің серіктес: Sport12kz